Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жаз бойы жөндегендерінің нәтижесі”: Рудныйда бір күнде екі жылу құбыры жарылып үйлер жылусыз қалды

Қостанай облысының Рудный қаласында 8 қарашада бірден екі жерде жылу құбырында апат болып, үйлер жылусыз қалды. Тұрғындардың айтуынша, бұл құбырлар жақында ғана жөндеуден өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша газета" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: желі кадрларынан

Деректерге сүйенсек, апат Топорков көшесінде болған. Жарылған құбырдан пайда болған субұрқақтың видеосы жарияланды. 

Оқырмандар бұл жердегі құбырлардың жақында салынғанын айтады. Нәтижесінде түн ортасына қарай көше бойындағы үйлер жылусыз қалған.



“Жаз бойы жөндеу жұмыстарын істеді. Нәтижесі міне”, “Қыс әлі басталмады, ал бұл облыстағы бір аптадағы екінші апат”, “Ұрыспаңыздар, субұрқақ сырғанайтын жер жасап беріп жатыр”, – деді оқырмандар. 

Қала әкімінің баспасөз қызметі Топорков көшесі бойындағы жеке сектордың орамішілік тарату желілерінде зақым пайда болғанын жеткізді.

"Сағат 8:30-да зақым жойылды. Тоқсандық құбыр іске қосылды. Барлық 198 абонент жеке секторға қосылған", – деп хабарлады әкімдік.

Ал сағат 6:00-де Строительная көшесі бойындағы жеке сектордың орамішілік тарату желілерінде зақым пайда болған. 27 абонент жылудан ажыратылды.

"Үйлердің өзінде температура режимі сақталатынын хабарлаймыз. Апатты жоюға 11 адам және үш техника жұмылдырылған. Жылу беру сағат 12:00-ге дейін қамтамасыз етіледі", – деп сендірді әкімдік.

Әкімдік бұл құбырлар магистральдық емес екенін атап өтті. Осы учаскелерде бұрын жөндеу жүргізілмеген. Сол себептен жалған апарат таратпауға шақырды.

"Рудный қаласы бойынша орамішілік желілердің жалпы ұзындығы 140 км. Оның ішінде жеке сектордың тарату желілері – 44 км. Кейінгі екі жылда қалада жалпы сомасы 16,5 миллиард теңгеден астам 33,8 км жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді", – деп атап өтті әкімдікте.

Сондай-ақ апаттар саны төмендегенін жеткізді.

Талқылау