"Боран болып, қар жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын жауып, соңы қарға ұласады. Еліміздің солтүстік жартысында боран болып, қар жауады. Елдің басым бөлігінде көктайғақ, екпінді жел мен тұман болжанып отыр.
7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қалың қар жауады. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және одан да көп екпіні бар өте қатты жел болады.
Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз, таулы аудандарда 6-11 градус аяз болады.