Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО тұрғынын алимент төлемегені үшін 1 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

"Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының дәлелдемелері негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес "Балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-анасын, еңбекке жарамсыз жұбайын асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтару” бабы бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденді. Осылайша, 2021 жылдан бастап борышкердің   2 787 838 теңге мөлшерінде қарызы жинақталған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, бірнеше жыл бойына өз міндеттерін қасақана орындамаған", – делінген ақпаратта.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда алименттерді есептеу тәртібін өзгерту ұсынылғанын жазғанбыз.

 

Талқылау