Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әуежайда электронды құжат тексерудің жаңа ережесі енгізілді

Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларында ресми құжаттар ретінде цифрлық паспорттар мен жеке куәліктерді бекітетін бұйрық жобасын дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz 

Министрлік "жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын адамдардың қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" бұйрыққа толықтыру енгізуді жоспарлап отыр.

"9-тармақтың 1-тармақшасы цифрлық құжаттарға сілтеме алады. №1 тексеру қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе жолаушылар мен келушілердің цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжатты қауіптің жоғары ("қызғылт сары") және сыни ("қызыл") деңгейі жарияланған кезде тексереді", – делінген құжат жобасында.



Бұйрық жобасын көпшілікпен талқылау 11 қарашаға дейін жалғасады. 

Талқылау