Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HCB Business Алматыдағы саябақтың біріне 100 ағаш екті

HCB Business Алматыда 100 ағаш екті. Компания осы бастамасы арқылы мегаполис экологиясын жақсартқысы келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Арина Лепихова және Евгений Мұхамеджанов. Фото: Home Credit Bank

Қазақстанда “HCB Business-тің жасыл аллеясы. Өз ағашыңды ек” деген жоба басталды. Оның аясында Алматыдағы Әліби Жангелдин атындағы саябаққа 100 ағаш егілді. Жобаның мақсаты – қаладағы экология жағдайын жақсарту, тұрақты дамуына көмектесу. HCB Business науқан шеңберінде ағаш егуге өзінің серіктестерін шақырған. 12 жылдан бері ағаш егіп жүрген экотренер, ECO Network компаниясының негізін қалағандардың бірі Надежда Ващенконың айтуынша, жаһандық климаттық дағдарыста мұндай бастамалардың ықпалы зор. 

“Климаттық дағдарыста ағаш егу – кез келген адамның қолынан келетін, табиғатқа оң әсерін беретін тиімді әдістің бірі. Ағашты тек ормандарды қалпына келтіру үшін ғана емес, қалаларда да еккен жөн. Себебі қалада көлік көп, барлық жерге асфальт төселген, қалдық көп. Ал Алматыда ағаштарды қажет ететін аудандар жеткілікті. Біздің қаламыздың орталығы жақсы көгалдандырылған, бірақ қаланың төменгі бөліктері салыстырмалы түрде назардан тыс қалып қойған. Сол себепті біз бүгін мегаполистің төменгі жағында орналасқан Әліби Жангелдин саябағын таңдадық”, – дейді экотренер Надежда Ващенко. 

Надежда Ващенко. Фото: Home Credit Bank

Науқан аясында жиылғандар саябақта емен ағаштарын отырғызып, әр ағашқа Алматыны көгалданыдыруға қосқан үлесін көрсететін серіктестердің логотипі бейнеленген маңдайшаны іліп қойды. Бұл маңдайша қайта өңделетін пластиктен жасалған. 

“Бүгінде бизнес тек экономика емес, бұл – экология және адамдар. Бұл бастама басқаларға үлгі болатыны сөзсіз әрі болашақ ұрпақ үшін де маңызды. Осындай акцияға қатысып жатқанымызға қуаныштымыз”, – дейді ФлагманИлес компаниясының директоры Абдукаримова Илес Алиевна.

 

Фото: Home Credit Bank

Home credit Bank-інің HCB business блоктің басқарушы директоры Арина Лепихованың айтуынша, 2 миллион тұрғыны бар Алматыда экология мәселесі – өзекті тақырып. Халықаралық стандарт бойынша, қаладағы қоршаған ортаның дұрыс қалыптасуы үшін әр адам басына 9 ағаш өсуі керек. Дегенмен қазір бір адамға тек 2 ағаштан келеді екен. Сол себепті компания жобаны бастап, ағаш егуді дұрыс көрген. 

“Алматы – туған үйіміз, қаламыз. Мұнда біріміз туып-өстік, енді біріміз бала-шағамызды өсіріп жатырмыз, ата-анамыз тұрады. Енді біреулер басқа қаладан осында көшіп келді. Дегенмен бәрімізді біріктіретін бір мүдде – қаламыздың экология жағдайына алаңдайтынымызда. Сондықтан мұндай бастамаларды ерекше қолдаймын. Ағаш қаланың өкпесі іспетті. Ол жылына 20 келі қышқыл газды сіңіріп, мегаполистегі ауаны тазартуға көмектеседі. Оған қоса ортамызды көгалдандырсақ, қаладағы орташа ауа температурасы төмендейді. Сол себепті біз “Жасыл аллея” деген жобамызды қолға алдық. Осылай, біз кез келген кәсіпкер, адам қоршаған ортаны жақсартуға үлес қоса алатынын көрсеткіміз келеді және басқаларға да үлгі бола аламыз деген үміттеміз, – дейді Home credit Bank-інің HCB business блоктің басқарушы директоры Арина Лепихова.

 Арина Лепихова. Фото: Home Credit Bank

Науқан енді ғана басталды, бірақ HCB Business алдағы уақытта Қазақстанның басқа қалаларында ағаш егуді жоспарлап отыр.

Айта кетері, Қазақстанның қаржы нарығындағы маңызды ойыншысына айналған, шағын және орта бизнеске арналған онлайн банк – HCB Business әлеуметтік және экология жобаларын белсенді түрде қолдайды. Банк шағын және орта бизнеске қызметтердің кең спектрін ұсынады және тұрақты экономиканы дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға елеулі үлес қоса отырып, өз жұмысында ESG жоғары халықаралық стандарттарын енгізеді.

 Фото: Home Credit Bank

Талқылау