Павлодар облысының тұрғындары сусыз қалды
Павлодар облысында болған апат салдарынан тұтас ауыл сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауылында электр қуатының үзілуіне қатысты пікір білдірді.
Аймақ басшысының айтуынша, төтенше жағдайлар қызметі су құбырын қалпына келтіруге төрт күн жұмсаған. Қазір барлық ұңғыма жұмыс істеп тұр.
"Цистерналар толтырыла бастады, бірақ бұл процесс ұзақ уақытты талап етеді. Өйткені суды тұтыну көлемі артып келеді. Менің тапсырмам бойынша ауылға су беруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жіберілді", – деді Байханов.
Мәселені шешу аясында әкім алдағы үш күнде автономды генератор орнатып, су ресурстарының көлемін арттыру үшін қосымша ұңғымаларды бұрғылауға кірісуді тапсырды. Келесі жылы басталатын Ертіс өзенінен жаңа су құбыры тартылатыны да айтылды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"