Қазақстанға АҚШ-тан пошта сәлемдемесіне жасырып есірткінің ірі партиясы жіберілген
АҚШ-тан Қазақстанға пошта сәлемдемелері арқылы халық тұтынатын тауарларға жасырып есірткінің ірі партиясын жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, пошта сәлемдемелері еліміздің бірнеше қалаларына жөнелтілген.
“Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары ("марихуана" және "каннабис сығындысы") табылды. АҚШ-тан келген пошта жөнелтілімдерін ел аумағында өткізбек болған азаматтар ұсталды.
Нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 келі марихуана және 15 келіге жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстанның он азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Жедел-тергеу шаралары Бас көлік прокуратурасын үйлестірумен жүргізілген.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері