Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Onay жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды": Елімізде электронды билет нарығына тексеріс жүргізіледі

Елімізде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Onay жүйесінің қызметі мен электронды билет нарығындағы бәсекелестікті тексереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Брифинг барысында Алматы қаласы бойынша АЗРК департаменті басшысының орынбасары Еркебай Әбдібақиев жақында DDOS хакерлік шабуылы Onay жүйесінің қызметінің бұзылуына әкелгенін айтты. Ал Onay – тасымалдаушылардың кірісіне тікелей әсер ететін қаладағы жалғыз жүйе.

"DDOS шабуылы туралы, өкінішке қарай, департаментке ешқандай мәлімдеме түскен жоқ. Жалпы Onay қызметіне келсек, "Алматы көлік холдингі" ЖШС-ға қарайды. Департамент қазір электронды билеттеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіп жатыр. Соның ішінде бұл мәселелерді осы талдау кезінде қарастыруға болады", – деді Еркебай Әбдібақиев.



Сондай-ақ департамент қала тұрғындары ресми шағым жазып, жүгіне алатынын жеткізді.

Талқылау