"Ақша жинаудың қажеті жоқ": Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің ана-анасы әкімдік ұсынған көмектен бас тартты
Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың ана-анасы әкімдік ұсынған көмектен бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 қазанда Еңбекшіқазақ ауданында марқұм Шерзат Болаттың үйі өртке оранды. Осы жағдайдан кейін Алматы облысының әкімдігі марқұмның туыстарына уақытша баспана ұсынған еді. Бірақ олар көмектен бас тартты.
"Зардап шеккен отбасының ата-анасында, яғни Шерзаттың ата-әжесінде баспана бар. Сондықтан әкімдік ұсынған үйден бас тартты. Қазіргі уақытта өртенген үйді толық қалпына келтіруге тапсырма берілді. Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", – делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Шерзаттың отбасы ешқандай көмек қолын созып, ақша жинаудың қажеті жоғын айтты. Марқұмның әкесі қаражат жинаудың қажеті жоғын айтты.
Қазір желіде Шерзаттың суретін пайдаланып, қайғылы оқиғадан біреулер пайда көріп жатқанын ескертеміз. Отбасы ешқандай ақша жинау сынды көмек сұраған жоқ. Өздері де ашқан жоқ, сондықтан ешкімге ақша жібермеңіз.
Есае салсақ, осыған дейін Алматы облысының әкімдігі қаза болған жасөспірімнің отбасын уақытша баспанамен қамтамасыз ететін айтқан еді.