Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone 16 несімен осы күзде алған ең тиімді дүниеңіз болады

Apple компаниясы жыл сайын қыркүйек айында өткізетін презентациясында жаңа iPhone өнімін таныстырды. Флагмандық смартфонда жаңа чип, жаңа түстер мен батырмалар бар. Олай болса жаңа құрылғының ерекшеліктерін ретімен таныстырайық. 

Не өзгерді? 

iPhone 16-ның ішіне былтырғы Pro модельдерінде аналогы жоқ A18 чипі орнатылған. Бұл iPhone 16-да веб-серфингтен бастап, видео өңдеуге дейінгі барлық әрекеттерді өте жылдам орындауға мүмкіндік береді.

A18 алдыңғы A16 Bionic моделіне қарағанда 30% көп өнімділік береді. Geekbench 6 өнімділік тестінде iPhone 16 айтарлықтай жетістіктерді көрсетті. Бұл оның нарықтағы ең қуатты смартфондардың бірі екенін көрсетеді.

Құрылғының графикалық мүмкіндіктері де керемет. Әсіресе ойын ойнауда. Алдыңғы Pro модельдерінде ғана қолжетімді болған аппараттық жеделдетілген сәулелер трассировкасы iPhone 16-да қолданылған. Бұл оны тамаша ойын смартфонына айналдырады.

iPhone 16 үш нұсқада қолжетімді: 128 ГБ, 256 ГБ және 512 ГБ.

Дисплей

iPhone 16 дисплейі бұрынғыдай 6,1 дюймдік Super Retina XDR, кеңейтілген 2556 x 1179 пикселінде қалды. Әдеттегідей Dynamic Island аймағы да өзгерген жоқ. Экранның сапасы қуантады. OLED-панелі көптеген тапсырмаларды оңай орындап, жарқын түстермен таңғалдырады.

Дизайн

iPhone 16 тегіс, ыңғайлы, доғал қырымен заманауи дизайнын сақтап қалды. Түстері де бұл жолы таңғалдырады. Apple жарықты одан сайын арттырып, iPhone тарихындағы ең алуан түрлі, ерекше түстерді ұсынды.

Биыл қара мен ақ түстерге жарқын реңктер қосылды. Олар алдыңғы модельдің пастельді түстерінен әлдеқайда батыл көрінеді және назар аудартады.

Камералары

iPhone 16 камераларында маңызды өзгерістер болды. Кейінгі үш жылда қолданылған диагональды орналастырудың орнына, камералар енді тік орналасқан. Бұл кеңістіктегі видео, фото түсірілімдерін жақсартады. 

iPhone 16-да екі негізгі камера бар: 48 мегапиксельді негізгі және жаңартылған 12 мегапиксельді супер кең бұрышты камера. Жаңа супер кең бұрышты камера макросурет жасауға мүмкіндік береді. Ол бұрын тек Pro модельдерінде болған. Бұл конфигурация зум қолданған кезде де фотолардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Жаңа батырмалар

Биыл iPhone 16-да құрылғыны қолдануды жеңілдететін екі жаңа батырма пайда болды. Іс-әрекет батырмасы, алғаш рет iPhone 15 Pro-да ұсынылған. Енді басқа құрылғыларға да орнатылды.

Бұл – өзінің әмбебаптығымен ерекшеленетін “супер” батырма. Онымен фонарьды, Shortcut-ты іске қосуға, Shazam-мен әндерді іздеуге немесе камераны ашуға болады.

Камераны басқару батырмасы құрылғының оң жағында орналасқан. Ол қазіргі заманғы айнасыз камералардағыдай физикалық ысырма түймесін имитациялау арқылы басу күшін таниды.

Камераны басқару тәсіліне үйренісу біраз уақытты алуы мүмкін. Бірақ бұл зум мен экспозиция сияқты баптаулар арасында оңай ауысуға мүмкіндік береді.

Дыбыс

Apple видеоның дыбысын өңдеудің жаңа функциясын Audio Mix-ті таныстырды. iPhone 16-дағы төрт микрофонның арқасында жазбадан кейін дыбысты айтарлықтай жақсартуға болады. Мысалы, сыртқы шуды жойып, дауысты айқынырақ етуге болады.

Бұл функцияны әсіресе кәсіби видеографтар жоғары бағалайды. Себебі бұрын бұл мүмкіндік тек кәсіби видео өңдеу бағдарламаларында болған.

Микрофондар дыбысты әртүрлі бағыттан қабылдайды. Бұл аудионы қажетіңізге сәйкес баптауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе...

Стандартты iPhone мен Pro модельдері арасындағы шекара барған сайын азайып келеді. Себебі базалық iPhone 16 қолжетімді бағамен қуатты мүмкіндіктерді ұсынады. Жарқын реңктерді қамтитын түстердің алуан түрлілігі тамаша әсер қалдырады.

A18 платформасының жылдамдығы, екі сапалы камера мен жаңа камера басқару батырмасы iPhone 16-ны тамаша таңдау етіп отыр.

Қазақстанда 18 қазаннан бастап iPhone 16 сатылымға шығады. Бағасы Trade-in арқылы Apple түпнұсқа чехолдарына 70% жеңілдікпен 15 625 теңгеден басталады.

Алдын ала тапсырыс беруді ресми реселлерлерде: iSpace, Sulpak, Technodom, Mechta, activ, Evrika, Freedom Mobile, Tele2, Beeline және DNS-те жасауға болады.

жарнама құқығында

Талқылау