Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаза тапқандар бар: Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты болды

Алматыдағы Бөкейханов қиылысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта, Бөкейханов көшесінің қиылысында келе жатып, жолағын ауыстырмақ болған. Осы сәтте көлік жеке тасымалдаушыға тиесілі 58 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.


"Басынан теуіп, есінен танып қалды": Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін сабап тастады (видео)


"Жол апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаға қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусының жаяу жүргіншілер жолағында зейнеткерді басып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау