Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 миллион теңгедей қарызы бар: Алматыда 100-ден астам мейрамхана қызметкері жалақысын ала алмай жүр

Алматыда 100-ден астам мейрамхана жұмысшысы қожайындарының үстінен қылмыстық іс қозғалуын талап етуде. Айтуларынша күнделікті ақша түсіп тұрса да оларға екі айдан бері жалақы төленбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Жалақысыз қалған азаматтар мейрамхана алдына келіп бас көтерді. 

“Ол бәрін тастады да кетті. Бір ай күт деді, бір ай күттік. Сол күйі жоқ болды. Ал мұнда 4 мейрамхана адамдары жүрміз. 2023 жылдан бері жалақы ала алмай жүрген адамдардың ақшасын сұрап. Біз өзіміздің қызметімізді адал атқардық. Біз өзіміздің ақшамызды алуға тиіспіз”, – деді мейрамхана қызметкері Шынар Тымақбаева. 

Қызметкерлердің айтуынша, мейрамхана қожайыны 1 дәмханадағы 60 шақты жұмысшының өзіне 19 жарым миллион теңгедей қарыз.

“Мейрамхана тоқтаусыз кіріс әкеліп отырды. Келушілер қатары үзілмейтін. Бірақ соған қарамастан неге екені белгісіз біздің жалақымызды бермеді. Айлыққа қатысты мәселе негізі былтыр басталған. Енді, міне, 2 жарым ай болды дымсыз қалып отырмыз. Мен мысалы 470 мың теңгеден астам қаражатымды ала алмай отырмын”, – деді мейрамхана қызметкері Борис Щенсный. 



Сол 100-ден астам жұмысшы істеген 4 мейрамхананың қожайыны шағымданушылардың көп сөзін жоққа шығарып отыр. Дегенмен оларға ақша қарыз екенін мойындады. 

“Келісемін. Мен жалақыны төлемедім. Бірақ оған менің кінәм жоқ. Менің бизнесімді жауып тастады. Егер заң жүзінде менің мүлкімді қайтарса жалақыны сол кезде-ақ беретін едім. Бірақ менің мүлкімді 2 айдан бері ұстап отыр”, – деді басқарушы компания басшысы Ольга Әбдіғаппарова.  

2 айдан бері жалақысыз қалған жұмысшылар енді адвокаттарға жүгінді. Ал жалақыға қатысты дау шыққан мейрамхана да бүгінде қызмет көрсетуін тоқтатқан. 

Талқылау