Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жер үшін бес баласымен ұйықтап жатқанда үйін өртеген": Алматылық мүгедектігі бар көпбалалы ана далада қалғанын айтып жылап қалды (видео)

Желіде алматылық Анаргүл есімді көпбалалы ананың далада қалып шарасыздықтан жылаған видеосы тарады. Айтуынша баспанасы құрылыс компаниясының меншігіне өткен. Кейін компания үйді босатуды ұсынған. Алайда Анаргүлдің күте тұру туралы өтініші еленбеген. Ең қызығы көп ұзамай түнде балаларымен ұйықтап жатқан ананың көрші ғимаратына өрт қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

5 баланың анасының жылаған видеосы Тіktok желісінде тарады. Ондағы деректерге сүйенсек, Анаргүлдің құлағы естімейді, 3 дәрежелі мүгедектігі бар. Ол бұрын халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген Алматы қаласының әкімдігі бөлген ескі ағаш үйде тұрған. Бірнеше жылдан кейін бұл жерді "Алматау Construction - Свой Дом" компаниясы сатып алған. Енді жағдайы төмен әйел балаларымен қайда баратынын білмейді. 

Желіде тараған видео астында “жер үшін бес бала ұйықтап жатқан үйді өртеді”,- деп жазылған. Түнде белгісіз адамдар бүкіл отбасы ұйықтап жатқанда үйдің жанына өрт қойған екен. Егер өзге адамдар отбасына өрттен шығуға көмектеспесе, оқиғаның қайғылы аяқталуы мүмкін екені және әкімдік әйелге ешқандай қолдау бермегені айтылған.

“Сәлеметсіздер ме, менің атым Амангүл. Бүгін сағат таңғы 4:00-терде көрші үйге біреулер өрт қойған. Қатты дауыстан ояндық. Ал дәл қазір баратын жеріміз жоқ, далада қалдық. Жексенбіге дейін күте тұрсын деген болатынмын. Алайда олар күтпеді. Енді қайда барарымызды білмеймін. Заттарымның бәрі жоғалды. Бәрінен бұрын олар балаларымды тірідей өртегілері келді ме”, – деп жылады тұрғын. 



Осы жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне шығып, пікір сұрады. Әуезов ауданы әкімдік аппараты көп балалы ананың Алматы облысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғанын жеткізді. 

“7 қыркүйек күні таңғы сағат 05:00-де Симфиропольская көшесі, 10 мекенжайында барак(ескі ағаш үй) типтегі 80 ш. м. ғимараттан өрт шықты. Оның ішінде, ғимараттың 1,2 және 3-бөлігі ешкім тұрмайтын қараусыз қалған жер. Бұл жерге тұрғылықты қонысы жоқ адамдар келіп, от жағып, салдарынан өрт шыққан.Үйдің төртінші бөлігінде Амангүл Дүйсенова тұрады. Дегенмен ол тұратын үйге өрт келмеді. 

Азаматша бұл үйдің иесі емес және екі жарым жыл бойы мұнда тегін тұрған. Бұл үйлер "Мәселелі несиелер" қорына тиесілі және үйден мәжбүрлеп шығару болған жоқ. Үйдің бұл учаскесін "Алматау Construction" құрылыс салушысы сатып алған. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 06.09.2024 жылы құрылыс салушы компания баспана мәселесін уақытша шешу үшін Дүйсенова Амангүлге 8 миллион теңге көлемінде ақша сомасын берді. Ал Амангүл Алматы облысында тұрғын үй алу кезегінде тіркелген. Азаматша 08.09.2024 жылы бұл үйді босатуға өзі келіскен”, – деді әкімдік.

@tokaevsos #премьер #нетсправедливости Многодетная мать 3 степени глухоты проживала на участке барачного типа , ранее выделенному Акиматом г.Алматы, как социально-уязвимым слоям населения. Через несколько лет эта земля была выкупленна Застройщиком "АлмаКонстракшен - Свой Дом". Но бедная женщина с 5-тью детьми некуда выселиться,а Акимат нечего не предлагает. В итоге , ночью неизвестные лица подожгли данный барак ,когда вся семья спала и неизвестно как могли произойти события ,если бы семье не помогли люди выбраться из огня . @Aqorda 🇰🇿 @Tokaev_official @senate_kz @МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ ♬ оригинальный звук - ТОКАЕВ ПОМОГИ
Талқылау