Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір орында екі адамнан отырды": Алматыда өткен футбол ойнында бір топ билеті бар адамды стадионға кіргізбей қойған (Видео)

Алматыда өткен Қазақстан мен Норвегия арасындағы футбол кезінде бір топ адам билет сатып алса да, стадионға кіре алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. “Не хабар” Telegram aрнасында жарияланған видео кадрлардан жиналған жұртшылықтың қақпадан ішке өте алмай наразылық танытқаны көрінеді. 

“Міне, осындай бассыздық орын алуда. Дәретханаға шығып кеткен жанкүйерлердің орнына басқалар келіп, енді оларды ұйымдастырушылар қайта кірбізбей жатыр. Полиция ұйымдастырушыларға жүгініңіздер десе, ұйымдастырушылар керісінше полицияға барыңыздар деп бір-біріне сілтеп жатыр. Нағыз бассыздық”, – делінген видео кадрларында.

Желі жұртшылығы да пікір қалдырып, шынымен бір ойын кезінде тіпті бір орындықта екі адам отырған жайттар болғанын жеткізді. 

“Шәй алуға шығып кеткенбіз, келсек бізді кіргізбей қойды. Кейін бір орынға екі адам отырдық”, “Билеттер бірінші күні-ақ бітіп кеткен. Алыпсатарлардың ісі”, “Билеті барлардың көбі кіре алмады”,  деді олар.

Еске салсақ, 6 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан мен Норвегия арасында футболдан Ұлттық лига ойыны өтті. Ойын екі 00:00 есебімен аяқталды

Талқылау