Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев пен қос бапкеріне жерлестері көлік мінгізді (видео)
Париж Олимпиадасында 77 келі салмақта грек-рим күресінен күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраевты жерлестері сән-салтанатымен қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

10 тамызда күміс жүлдегер Демеу Жадраев елге оралған еді. 11 тамыз күні Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында балуанымыздың құрметіне арнайы іс-шара өтті.
Орталық алаңға жиналған жұрт Демеу Жадраевты құттықтап, ақсақалдар ақ батасын берді. Жаркент жұртшылығы атынан Демеудің анасы Күлипа апамызға, жаңа үйдің кілті табыс етілді.
Демеудің өзіне және қос бапкеріне темір тұлпар мінгізді. Қаржылай сертификат берілді. Жүлдегердің құрметіне арналған шара Демеу Жадыраевтың кіндік қаны тамған Үшарал ауылында да жалғасын тапты.
Еске салайық, 10 тамыз күні Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев елге оралған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

