Қазақстандық түлектерге 8000-нан астам қосымша гранттар бөлінеді
Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық талапкерлерге тағы да қосымша гранттар бөлінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock
Министрлік хабарламасында 3 000-ға дейін грант қайта бөлінгені жазылған. Сонымен қатар:
- Жұмыс берушілерден 870 грант;
- Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінен 800 грант;
- Ректорлық гранттар;
- 2 475 жергілікті атқарушы органдардың гранттары;
- "Қазақстан халқына" қорының гранттары;
- Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия Республикасынан берілетін грант бар.
Талапкерлерге сессия қорытындысы бойынша бос гранттар алу мүмкіндігі де қарастырылады. Барлығы 8000-нан астам қосымша гранттар қарастырылған.
Сонымен қатар министрлік студенттерге жатақхана туралы барлық ақпаратты ұсынатын колл-орталықтың іске қосылғанын алға тартты. Саясат Нұрбек егер студент баспанасыз қалса не істеу керектігін айтты.
"Бірде-бір студент көшеде қалмайды. Арнайы номерге хабарласып, жатақханалар бойынша толыққанды ақпарат алуға болады. Мысалы, егер студент жатақханада да, орын таппаса, онда бірнеше университеттен: Сәтбаев атындағы, Абай атындағы университет жатақханаларынан бір-екі түнде тұруға болатын төсек-орын ұйымдастырылған", - деді министр.
Оның айтуынша, Алматы мен Астанадағы жоғары оқу орындарының жанынан ахуалдық орталықтар іске қосылды.
Студенттер жатақханалар туралы ақпарат алу үшін мына номерге хабарласа алады:
+7 700 255 14 43;
+7 700 950 95 28;
Еске салсақ, министр неліктен жоғары балл алған қазақстандық түлектердің грант ұта алмай қалғанын түсіндірген еді.