Қазақстанда талапкерлерге ЖОО-ға тапсыру үшін қандай құжаттар қажет
Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев түлектерге жоғарғы оқу орнына тапсыру үшін қандай құжаттар керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Ол құжаттарды қабылдау қай уақытқа дейін жалғасатынын айтты. Министрі кенесшісінің сөзінше, грант куәлігін http://grant.testcenter.kz сайтынан алуға болады.
"Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ға құжат тапсыру керек", – дейді Руслан Емелбаев.
Грантқа түспеген жағдайда не істеу керек: Асхат Аймағамбетов түлектерге кеңес берді
Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Жеке куәлік;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- Орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі, Білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда);
- Жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Еске салсақ, осыған дейін желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шыққанын жазғанбыз.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен