Таразда көшеде жөндеу жұмыстарына қазылған үлкен шұңқырға жолаушылары бар көлік құлап кетті
Таразда көлік көшенің ортасында қазылған жылу трассасының шұңқырына құлап кетті. Оқиға орнында зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желі кадрларынан алынған
Апат жексенбіде Төле би көшесінде болған. Оқиға орнынан виде кадрлар желі пайда болды. Мұнда магистральдық жылу желілерін қайта құру жүріп жатқаны көрінеді. Және сол жолдың дәл ортасындағы үлкен шұңқырда жеңіл көлік құлаған. Деректерге сай көлік ішінде балалар да болған. Зардап шеккендер бар.
Ал желі кадрларында адамдардың бұл жерде жүргізушілерге қауіп туралы ескертетін бірде-бір белгі болмағанын айтқан дауыстары естіледі.
Оқиғаның егжей-тегжейін Жамбыл облысының полиция департаменті түсіндіріп берді.
"16 маусымда сағат 17: 50-де Лексус RX300 маркалы автомашинаның жүргізушісі Төле би көшесімен Абай көшесінің бағытына қарай жүріп, "3.1 кіруге тыйым салынған", "1.23 жөндеу жұмыстары бар" жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөнделетін автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлады", - делінген хабарламада.
Апат салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Полиция мердігерлік ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізіледі.
Қалалық әкімдікте айтылғандай, бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та осы жолдың жабылуы туралы ақпарат таратылып, арнайы жол белгілері орнатылған.