Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевты сынап жазба жариялаған ерікті халықтан кешірім сұрады

Қазақстанның бірнеше өңірін жайлаған су тасқынына қатысты президентті сынап жазба жариялаған ерікті кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: instagram.com/@01pk

Перизат Қайрат есімді ерікті өзінің Instagram-дағы парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында жұмыс істеген кезде көргендері туралы айтып берді. Ерікті президентті VIP-кездесулер ұйымдастырудың орнына, елдің ішінде болуға шақырған.

ерікті

“Құрметті, президент! Мен 18 күн бойы төтенше жағдай аймақтарында жүрген ерікті ретінде сізге үндеу жариялаймын. Халық 100 теңгеден жинап 48 сағатта 100 млн теңгеден астам ақша жинады. Ал 18 күннің ішінде мемлекеттен бір тиын да бөлінбеді. Осы күнге дейін алынған техникалар мен гуманитарлық көмектің барлығы – халықтың садақасы”, – делінген жазбада. 

Сонымен қатар ерікті апат кезінде президенттің халық арасында болуы керек екенін, барлық іссапарларын кейінге қалдыруы керек екенін айтты. 

“Сіздің сөзіңізге сенсек, мұндай су тасқыны кейінгі 80 жылда болмаған. Ендеше осындай апатты жағдайда президент елдің алдында жүруі керек деп ойлаймын. Ұшақ дайындауға, VIP кездесулерге және осы секілді шараларға уақыт жоғалтпай”, – дейді Перизат Қайрат.

Алайда кейіннен ерікті әлеуметтік желідегі жазбасын өшіріп, халықтан кешірім сұрады. 

“Су тасқынының салдарынан еліміз бұл күндері қиын кезеңдерді бастан кешіріп жатыр. Достар, бәріміз бірігіп, президентімізге қолдау көрсетейік”, – делінген екінші жазбада.  

Талқылау