Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 16 жастағы студент қыз жатақханада белгісіз жағдайда көз жұмды

Талдықорғанда 16 жастағы студент қыз инновациялық колледжінің жатақханасында белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay

Оқиға туралы "Не молчи" қоғамдық қоры мәлімдеді. Қоғам белсенділерінің болжамынша 28 ақпанда бойжеткеннің туыстары жатақханаға барып, оған ақша беріп кеткен. Ал кешкі сағат 19:30 шамасында ару туыстарына жаңадан алған заттарының суреттерін жіберіп, жақсы көңіл-күйде болған. Тіпті ештеңеге шағымданбағагн.

Ал 20 минуттан кейін туыстарына қоңырау келіп қыздың ауырып қалғаны туралы хабарланған. Жатақханаға 2" жедел жәрдем " келіп, туыстарын коменданттың бөлмесіне кіргізбеген.



"Жедел жәрдем оның уланғаны туралы қорытынды жасады. Алайда туыстары тікбұрышты пішінде қыздың қастарының арасынан бір соққының ізін көрген. Ал күндіз бірнеше сағат бұрын мұндай із болмаған. Қыз ешқашан ауырмаған. Онымен сөйлесіп, бірге тұрған қыздар туыстарына болған оқиғаның әртүрлі нұсқаларын берген. Жерлеуге келіп, кейін туыстарының телефон номерін бұғаттап, байланысқа шықпай кеткен", - деді қор өкілдері.

Жетісу полиция департаментінің баспасөз қызметінде кәмелетке толмағандардың қайтыс болу фактісі бойынша Талдықорған полициясы қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір істің анық-қанығы нақтылануда. 

Талқылау