Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеудегі теракт: ФСБ директоры Путинге 11 террорист ұсталғанын хабарлады

Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) директоры Александр Бортников Владимир Путинге 11 адамды, оның ішінде "Крокус Сити холлда" болған 4 террористің ұсталғаны жөнінде баяндама жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Baza

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлауынша, Бортников Путинге "Крокус Сити холлда" шабуыл жасағандардың көмекші базасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. 

Ал Baza ақпарат көзі алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бірі - Душанбенің 19 жастағы тумасы екенін жазады. Оның жарақатынан сол көзі жабылмай қалып, ауруханаға жеткізілген.

Айта кетсек, бұған дейін Тәжікстан сыртқы істер министрлігі теракт бойынша ұсталған азаматтардың Тәжікстан азаматы емес екенін айтқан еді.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Бүгінде көз жұмғандар саны 93-ке жетті. Террористік акт туралы қылмыстық іс қозғалды. 

Зеленский Кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаның шабуылға қатысы жоқ деп мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда ресейлік құқықтық тәртіп органдарына көмек көрсететінін мәлімдеді. Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды.

Ресей Федерациясының бұрынғы президенті Дмитрий Медведев "егер бұл Киев режимінің террористері екендігі анықталса, олармен және олардың идеялық шабыттарымен басқаша әрекет ету мүмкін емес. Олардың барлығы террорист ретінде табылып, аяусыз жойылуы керек. Осындай қатыгездік жасаған мемлекеттің шенеуніктерін қоса алғанда” деп мәлімдеді.

Талқылау