Бельгияда әйелдің үстіне 20 метрлік шырша құлап, қаза тапты
Бельгияның Шығыс Фландрия провинциясындағы Оуденарде қаласының орталық алаңында жан түршігерлік оқиға орын алды. Әйелдің үстіне 20 метрлік шырша құлап, қаза тапты, зардап шеккендер де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағаштың құлауы салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың бірі кейін ауруханада көз жұмды. Қала мэрі Марник де Мелеместер түсіндіргендей, ағаш қатты желдің салдарынан опырылып құлаған.
Оқиғадан кейін қала билігі жаңа жылдық жәрмеңкені жауып тастады. Тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ағаш құлап, автокөлікті сындырғанын хабарлаған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді