Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда хостелде болған өрттен қаза тапқандар арасында 11 қазақстандық пен 2 шетел азаматы бар - Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев өрт шыққан хостелге келді. Ол төтенше жағдай кезінде қайтыс болған азаматтар жайлы ақпаратпен бөлісті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы хостел 3

Ерболат Досаев қаза болғандардың – 11- қазақстандық, біреуі – Өзбекстан азаматы, біреуі – Ресей (Саха республикасы) азаматы екенін айтты.

Оның сөзінше, басқа деректер әлі де тексеріліп жатыр.

Досаев сонымен қатар жертөлелерде адамдарды орналастыруға тыйым салынғанын атап өтті. 



“Қайта жөндеп, санитарлық нормаларды сақтап орналастыруға болады, бірақ қанша адамның тұрғаны және олардың қандай мақсатта тұрғанына қатысты сұрақ туады. Жертөледегі бөлмелерді заттарды орналастыру, қойма ретінде қолдануға болады. Бірақ қазір тергеу жұмыстарынан кейін бәрі белгілі болады”, – деді қала әкімі.

Бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. Өрттен кейін республикалық комиссия құрылды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен Алматыға келеді.

Талқылау