Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныстық бопсалау немесе харассменттен қалай қорғануға болады - Заңгер жауап берді

Қазақстанда кез келген басқа елдердегідей жыныстық бопсалау немесе харассмент - адамдардың өміріне ауыр салдар алып келетін мәселе. Елімізде қудалаудың түрлерімен күресуге және адамдарды мұндай әрекеттерден қорғауға арналған заңдар бар. Белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов осы мәселеге қатысты бірқатар маңызды сұрақтарға жауап беріп, өз кеңесін айтты.

Харассмент

Қазақстанның Конституциясы кемсітушілікке, қадір-қасиетке және жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына кепілдік береді. Сонымен қатар, "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының заңы теңдік қағидасын белгілеп, жынысына қарай кемсітуге тыйым салады.

Қудалаушылықтың бірнеше түрлері бар: жыныстық қудалау, жұмыс орнында тап болатын қудалау, этникалық тегіне тіпті дініне байланысты қудалауға ұшырау мүмкін. Бұл жұмыс орнында, оқу ғимараттарында және қоғамдық орындарда орын алады.

Заңгер қудалаудың құрбаны болған азаматтардың не істеуі керек екені туралы кеңесін айтты. Ол мұндай оқиға жайлы: болған уақытын, жерін, сипаттамасын және кез келген куәгерлерді қоса алғанда, қудалаудың әрбір оқиғасының егжей-тегжейлі жазбасын сақтауды ескертеді. Себебі бұл сотқа шағымданған кезде қажет болады, дейді ол.

Сондай-ақ маманның сөзінше, қудалауға тап болған жағдайда үнсіз қалмау керек.

“Шағым беру. Егер қудалау оқиғалары жалғаса беретін болса немесе жұмыс беруші тиісті шара қолданбаса, арнайы мемлекеттік органға шағымдану қажет. Тағы бір айта кетерлігі, өзіңіздің денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Өйткені бопсалаушымен күреске эмоцияны көп жұмсап ол жүйкені тоздыруы мүмкін. Қудалаумен байланысты стресс пен жарақатты жеңуге көмектесетін кеңесшілерден немесе терапевтерден көмек сұрау артық болмайды”, – дейді заңгер.

Заңгер елімізде қылмыстық кодексте харассмент тер­ми­ні бойынша жауаптылық қарастырыл­ма­ғанын алға тартады. Сөзінше, тек 123-бапта сексуалды сипаттағы әре­­­кет­терге мәжбүрлеу бойынша норма бар. Ол харассмент бойынша заң талап­та­рын күшейту қажет екенін айтады.

“Қылмыстық кодекс­те харассментті жыныстық мәжбүрлеу деп қана көрсеткен. Сондықтан бұл заң әл­сіз. Се­бебі қоғамда кез келген жерде әйелдер ер­кектерден түрлі қысым көруі мүмкін. Ал заң көп жағдайда жыныстық зорлық көр­сет­кен кезде ғана орындалады. Жеке шекара­сының бұзылғаны үшін, еркектерден жәбір көргені үшін әйелдер заңға жүгіне алмай жатыр. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін заң қатал болуы керек”, – дейді Сүлейменов.

Маман сондай-ақ осындай кудалау істеріне машықталған білікті адвокатпен кеңесуді ұсынады. Олар бопсалаудың құрбаны болған адамның жағдайына қатысты заңгерлік кеңес беріп, қорғау бұйрығын алу немесе сотқа жүгіну сияқты қолжетімді заңды нұсқаларды түсінуге көмектеседі, дейді ол.

STAN.KZ
Жұма, 30 Маусым, 2023 13:07
Талқылау