Вагнер басшысы Пригожин қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды - Ресей президентінің баспасөз хатшысы
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Вагнер" жеке әскери компаниясы далалық лагерьлерге, ал Пригожиннің өзі Беларуссияға кететіні туралы келісімге қол қойылды.
Оның айтуынша, билік көтеріліске қатысқан вагнеристерді қудаламайды.
Лукашенко арада делдал болуға келіскен.
"Александр Григорьевич Пригожинмен бұрыннан таныс, бұл оның жеке ұсынысы болды. Біз бұл күш-жігері үшін президентке ризамыз", деді Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков
Путиннің жаңа үндеуі жақын арада болмайды.
Естеріңізге салсақ, 24 маусымда Вагнер “әділдік маршын” өткізбек болып, қарулы шабуыл жасады.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған