Ақтөбеде 170 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған шағын архитектуралық формалардың тендерін төрт жыл бойы депутат ұтып келген
Ақтөбеде 5 жылдың ішінде шағын архитектуралық формаларға 170 миллион теңге қаржы жұмсалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Горожанин Актобе-ге сілтеме жасап хабарлайды.
"Горожанин Актобенің" жазуынша, 2018 жылдан бастап Ақтөбедегі шағын архитектуралық формалар мен басқа да "сәндік элементтерді" (қоршаулар, гүлзарлар және т.б.) орнатуға қала билігі 30 миллион теңгеден тұрақты түрде жұмсап тұрады.
“Бұл шағын архитектуралық формалардың барлығы қала көшелерінде тұр. Көбінесе олардың ешқандай семантикалық және эстетикалық құндылығы жоқ төмен сапалы материалдардан жасаған мүсін екенін байқауға болады. Сондай-ақ тағы бір түсініксіз жағы мұндай мүсіндер қандай негізде бекітіліп, қабылданатыны белгісіз”, – деп жазады.
Осылайша 5 жыл ішінде Ақтөбеде шағын архитектуралық формаларды орнатуға 170 млн теңге жұмсалған.
Онымен Telegram арнаның жазуынша, бір қызығы 4 жыл бойы депутат Таханов Қайырбек басқаратын компания шағын архитектуралық формаларға ойнатылатын тендерлерді жеңіп келген. Өткен сайлауда ол Ақтөбе қалалық мәслихатында депутаты болған.
Сонымен қоса "Горожанин Актобе" нөсер жүйесінің жоқтығынан жыл сайын Ақтөбе мезгіл-мезгіл су астында қалатынын еске салды.
“Миллиондаған теңгелерді осы қажеттіліктерге жұмсауға болар еді. Бірақ әр уақытта қалалық және облыстық бюджеттердің шығыстары қызық дүниелерге жұмсалғанын байқап жатамыз. Айта кетейік, биыл әкімдік осындай жұмыстарға 40 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр”, – желінген жазбада.
Жазбаға қатысты Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
“Шағын архитектуралық формалар қоғамдық кеңістікті абаттандыруда үлкен рөл атқарады. Оларды орнатуға арналған конкурстардың жеңімпаздары Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижелері бойынша айқындалады. Оның бәрі де заңды рәсімдер арқылы өтеді. Ашық конкурс рәсімі ашық Мемлекеттік сатып алу сайтында мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық талаптары мен ережелерін сақтай отырып өткізіледі”, – делінген хауапта.