Елена Рыбакина Майамидегі турнирде финалға шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің финалына шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшы әлемнің үшінші ракеткасы АҚШ-тан келген Джессика Пегуламен қарсыласты. Рыбакина 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды.
Бұл Рыбакинаның 13-ші жеңісі. Бұған дейін 19 наурызда Индиан-Уэллс қаласында өткен турнирдің чемпионы атанған болатын.
OptaAce ақпараттық ресурсының хабарлауынша, Джессика Пегуламен ойыннан кейін Елена бес кездесуде он немесе одан да көп эйс орындаған Серена Уильямстың (Уимблдон 2016) рекордын қайталады. Бұған дейін Анна Калинскаямен жекпе-жекте Рыбакина 14 эйс жинады.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

