Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлгерген алды, үлгермеген қалды: Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты

Елімізде күні кеше ашылған жеңілдетілген автонесие бағдарламасы халықтың арасында кең талқыға түсті. Неліктен онлайн платформа іске қосылғаннан кейін 18 секундтан кейін өтінімдерді қабылдауды тоқтатқанын индустрия және инфроқұрылымдық даму мминистрі Марат Қарабаев түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, министр несие алғандардың тізімін жариялауды талап еткендерге де жауап берді.

Министр бағдарламаның әкімшісі қызметін атқаратын Индустриялық даму қорына несиелер саны шектеулі екенін алдын ала ескерткенін алға таптты.

Оның сөзінше ақшаның тез біткеніне ешкім кінәлі емес. Ал бұл жолы 761 адам несие ала алса, келесі айда тек жүз адамға ғана ақша жетеді. Қаржының әділ бөлінуіне келсек, бұл жерде тиісті министрдің айтуынша, барлығы әділ.

“Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жариялау үшін, өтініші қабылданған әр адамдармен жеке деректерін жариялауға рұқсат алуымыз керек. Жақсы, жариялауға болады. Бірақ жалпы алғанда бағдарлама ашық түрде, әділ жүргізілді. Кез келген адам факторын жоққа шығара аламыз. Өтініш берушілер нөмірленген. Егер сіздердің бұл жүйені жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, қарастыруға дайынбыз”, – дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Талқылау