Виза талап етілмейтіндерге 90 күн: Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережесіне өзгерістер енгізілді
Қазақстанда шетелдіктердің кіру және болу ережелеріне өзгеріс енгізілген үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаулының жаңа шартына сәйкес, келушілердің ҚР-да болуының рұқсат етілген мерзімі Қазақстанға визаны талап етпейтін тәртіппен келушілер үшін мемлекеттік шекараны кесіп өткен 30 күнтізбелік күннен бастап, алты ай ішінде 90 күнге дейін бола алады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары үшін бұл Қазақстан шекарасын кесіп өткен күннен бастап 90 күнтізбелік күннен бастап, алты ай ішінде 90 күнтізбелік күн болып саналады.
Осылайша, виза талап етілмейтін басқа елдердің азаматтары әр алты айлық кезеңде Қазақстанда заңды түрде небәрі 90 күн бола алады. Бұрын шетелдіктер елде болу мерзімін қалпына келтіру үшін Қазақстаннан шығып, қайта кіре алатын. Ал қазіргі ержелер бойынша бұған тыйым салынды.
Жаңа шектеулер Қазақстанға визамен келген иммигранттарға және уақытша тұруға рұқсат бергендерге қолданылмайды. Олар үшін елде болу мерзімі тек осы құжаттардың әрекет ету мерзімімен шектеледі.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.