Алматыдағы Шымбұлақ аумағында қар көшкіні болды
Төтенше жағдайлар департаменті 4 қаңтар күні сағат 12:33-те Алматыдағы Шымбұлақ аумағында қар көшкіні болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомстводан "Эдельвейс" қонақүйі маңындағы Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүргені туралы хабарлама келіп түсті.
Осыған орай Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" жұртшылыққа қазіргі уақытта таулы аймаққа бармауды, тік қарлы беткейлерден сақ болуды, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаудан асып кетпеуді ескертті.
Көлемі 700 текше метр көшкін Шымбұлақ-Тұйық Су жолында тоқтап, жауып тастаған. Қаза болғандар, зардап шеккендер мен қирату жағдайлары болған жоқ. Жолды тазалаумен "Қазселденқорғау" техникасы айналыспақ.
Талқылау