Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар көптен күткен "Аватар 2" фильмін қазақ тілінде көрсетуді талап етуде - Министр пікір білдірді

Фантастикалық "Аватар 2” фильмнің қазақ тіліндегі дубляжы бір күнге бір рет қана, сонымен қатар ыңғайсыз уақытта қойылғаны көрерменнің ашуын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар көптен күткен 13 жылдан кейін шыққан "Аватар 2" фильмінің көрсетілу кестесіне жаппай шағымдануда. Жанкүйерлер фильмнің қазақ тіліндегі көрсетілімі күніне бір рет және көпшілік бос емес түскі уақытта қойылғанына наразылық білдірді. 

"Қазақ тілінде бір жылда бір-екі фильм ғана шығады. Бірақ оның өзін қолайлы уақытта көре алмайсың", – деген желі қолданушылары. 

Қазақстанда фильмнің премьерасы бүгін өтті. 

Оқиғадан кейін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пікір білдірді. 

"Аватар: Су жолы" фильмін ел азаматтары қазақ тілінде тамашалай алуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етіп, Disney студиясымен бірігіп үлкен жобаны қолға алды. Жаңа блокбастерді қазақ тіліне дубляждап, барлық кинотеатрға берді.

Әлбетте, кинотеатрлар – бизнес субъектісі. Десек те, қазақтілді контентке қолдау көрсетіп, фильмді сұранысқа сай уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін, кинокестесін сіздерге ұсынамыз. "Аватардың" қазақ тіліндегі нұсқасына баруға шақырамын”, – дейді Дәурен Абаев. 

Министр “Аватар” фильмінің қазақша нұсқасын көруге болатын орындарды жариялады.

 

STAN.KZ
Жұма, 16 Желтоқсан, 2022 19:32
Талқылау