Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам Алматы облысының тауларында жоғалған үш баланы қалай тапқанын айтып берді

Алматы облысының тауларында жоғалған үш баланы тапқан Ермек Шыршыбаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ермек Шаршыбаевтың сөзінше балалар иттен қашып, таумен жоғары шығып кеткен. Артынша төмен түсетін жолды таппай қалған.

Алматы тұрғыны таңертең малын жайылымға айдап бара жатқанда үш баланы көріп қалған. Ағаштар мен қараусыз қалған шағын үйдің арасынан жылап, қорқып тұрған балаларды көрген ер адам оларды дереу үйіне алып кетіпті. Балалар тоңып, барлық киімдері су болып, қарындары ашып қалған.

“Мен олардан тауда не істеп жүргендерін сұрадым. Жапырақ жинау үшін тауға шыққандарын айтты. Сол жерде ит қуған, балалар қорқып, еңіске қарай жүгірген, бірақ ақырында адасып кетіпті. Балалар көршімнің ескі қараусыз қалған үйінде отырған”, – дейді Ермек Шаршыбаев.

Ер адамның айтуынша, бір күн бұрын ол WhatsApp хабарламаларының бірінен жоғалған балалар туралы ақпаратты оқыған. Ермек бірден үш баланы видеоға түсіріп, жазбаны чаттарға жібереді.

“Бір сағаттан кейін үйіме балалардың ата-аналары, полицейлер мен еріктілер келді. Балалардың анасы көз жасын тыя алмады. Ол жоғалған балаларын таба алмаймын деп ойлаған”, – дейді.

Алматы облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен үш баланың жағдайы туралы айтты.

“25 қазанда түн ортасына таман кәмелетке толмағандардың анасы тәртіп сақшылары мен еріктілерге жүгінді. Іздестіру жұмыстарына бірнеше патрульдер жіберіліп, аудандық бөлімдерге хабар-ошарсыз кеткендерге бағыт-бағдар берілді. Бір күннен кейін сәбилер табылып, үйлеріне қайтарылды”, – делінген ақпаратта.

Талқылау