Мектепте оқушыларға шаш бояуға тыйым салу дұрыс па? Заңгер жауап берді
Қазіргі таңда оқушылардың шашын түрлі түске бояп алуы сәнге айналған. Ал мұғалімдері оларға табиғи түсіне қайта бояуын талап етіп жатады. Бұндай жағдайдан баланы қалай қорғауға болады? Мектеп әкімшілігінің бұны мектеп ережелеріне қайшы келеді деп айтуы дұрыс па? Бұл сұраққа заңгер Алена Дуля жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заңгердің айтуынша, әр мектеп оқушылардың сыртқы келбетіне қатысты өз талаптарын енгізе алады.
"”Мектеп жарғысында оқушының сыртқы келбетінің қоғамда жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкестігі және бейтарап бөлшектерді алып тастау талаптары негізделген. Бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді”, – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінен 2021 жылы алынған жауапта. Сіз ең алдымен оқушының сыртқы келбеті туралы мектептің жарғысы және ережелерімен танысуыңыз керек. Егер ережеде боялған шашқа тыйым салынбаса, онда мектеп шаш боямауды талап етуге құқы жоқ”, – дейді Алена Дуля.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен