Жапон ғалымдары өзге ғаламшарлықтар бар екенін растайтын мәліметтерді ұсынды
Жапон ғалымдары белгісіз ұшатын нысан (НЛО) бар екенін растайтын дәлелдер жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yomiuri Shimbun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фукусимада орналасқан белгісіз ұшатын нысандарды зерттейтін жеке институттың мамандары өзге ғаламшарлықтардың бар екенін айғақтайтын 450-ден дәлелдемелерді ұсынды. Ғалымдардың айтуынша, олардың қарамағында НЛО көрсетілген 125 фотосурет мен 24 видео бар.

Жарияланған суреттерде көптеген өзге ғаламшарлықтар туралы фильмдерді еске түсіретін белгілі ұшатын табақшалар түсірілген нысандар көрінеді. Зерттеу құрылымының басшысы Такехару Микамидің айтуынша, барлық материалдар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы өзгертілген-өзгертілмегенін дәлелдейтін тексерулерден өткен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі