Оқиға орнынан шопанның денесі табылған: Түркістан облысында 1 150 қой тірідей жанып кетті
Түркістан облысында болған өрттен мыңнан астам қой қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 7.15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенді.
Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын.
Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.
Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға болған жерден қойшының мәйіті табылды.
Өрт сағат 10.23-те сөндірілді. Өрт аумағының жалпы көлемі анықталып жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі