Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы екеуінің кездесуіне қарсы болған: Бойжеткен мен сүйіктісі отбасын түгел қырып салды

Ресейдің Омбы облысы Юрьевка ауылында бүтін бір отбасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап. 

РФ тергеу комитеті таратқан видеодан скриншот

Қазақстан шекарасына жақын маңдағы ауылда 22 қаңтар күні таңертең 38 жастағы ер адам, оның 36 жастағы әйелі мен 10 жастағы мүгедек қызының мәйіті табылды. Отбасында тек 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған. 

Бастапқыда 14 жастағы Анна тергеушілерге ата-анасы мен бауырын сақалды ер адам өлтіргенін айтып, тіпті қылмыскердің фотороботын жасауға көмектескен. Алайда көп ұзамай бүтін бір отбасын Аннаның өзі мен оның 17 жастағы сүйіктісі Александр қырып салғаны анықталды.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Александр Аннадан бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен өгей әкесі екеуінің кездесуіне қарсы болыпты. Ауыр қылмысқа әке-шешенің тыйымы себеп болуы мүмкін.

Анна Александрға өгей әкесі  тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен. Анна үйдің есігін әдейі ашық қалдырған. Жас жігіт түнде үйге пышақпен кірген.

Александр алдымен қыздың анасын бауыздап, кейін ұйықтап жатқан өгей әкесін өлтірген. Бастапқыда олар Аннаның 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмды.

Аннаның інісі тергеушілерге қылмыс кезінде әпкесі оның көзі мен құлағын жауып тұрғанын айтты. Алайда алты жасар бала бәрібір де бәрін көрген, естіген.

Жауап алу кезінде Аннаның жігіті қыздың ата-анасын қалай өлтіргенін айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсетті.

Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды.

Талқылау