Бұзақылар өздерін видеоға түсірген – Алматы әкімдігі
Алматы облысы Талғар ауданында 14 тонаушы ұсталды. Әкімдіктің хабарлауы бойынша, олар өздерін видеоға түсірмек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Барлық тонаушылардың 6, 7, 8 қаңтарда Алматы қаласының шекарасында ұсталғаны хабарланды. Бұл тұлғалар Талғар ауданы арқылы қаладан шықпақ болған.
"Бақылау бекеттеріндегі сақшылардың, құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында тонаушылар тез арада ұсталды. Барлық 14 тонаушы 6, 7, 8 түнде ұсталды. Ұстау кезінде аталған тұлғалардан ұрланған ақша, телефондар, киім-кешек және атақты брендтердің етіктері табылды", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
- Тамақтандырып, қонатын жер тауып берді, жылы киімдерге дейін әкелді: Қырғыз бауырлар шетте қалған отандастарымызға қол ұшын созуда
- 9 шабуылға тойтарыс берген: Aport Mall бұзақылардың сауда орнына жасаған шабуылы туралы айтып берді
"Яғни тонаушылардың өздері шытырман оқиғаларын жазып алған. Қазіргі уақытта олар Алматы қалалық полиция департаментіне берілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы – Нарынқол және Кеген ауылдарының тұрғындары", – деді ведомстводағылар.
Бұған дейін де Алматыдан қашпақ болған тонаушылар тобының ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ тонау және бұзақылық кезінде ұрланған қаруды қоймаға жасырған 18 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталғаны белгілі болды.