Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маңдайы, қабағының үсті тілініп кеткен": Шымкент полиция ғимаратындағы ер адамның өліміне қатысты тың деректер белгілі болды

Шымкентке қалыңдығын әкетуге келіп, полиция департаменті ғимаратынан мәйіті шыққан 31 жастағы қостанайлықтың денесін жақындары үйіне жеткізді. Марқұмның туыстары оқиға туралы жаңа деректерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Олар сараптаманың қорытындысы, апталдай азаматтың ауыр соққыдан көз жұмғанын көрсеткен дейді. 

"Экспертиза қорытындысында "селезенкасы үзілген, сосын ішінен қатты соққы алған деп көрсетілген. Қатты шок алған. Бетінің екі жері жарылған. Маңдайы, қабағының үсті тілініп кеткен. Темірмен соққы алған сияұты. Сол жақ құлағы толығымен көгерген", - дейді марқұмның қарындасы Айдана Жұмабаева.

Марқұмның әкесі ұлының мұрыны мен қабырғалары сынып кеткен деп тұр. Ол бұл жағдайға кінәлелердің алды қамала бастағанын айтты. 

"Кінәлілердің біреуін қамаға алыпты дейді. Енді екіншісін де қамауға алатын шығар", - дейді әкесі. 

Алайда, Шымкент қалалық полиция департаментіндегілер де, прокуратураның баспасөз қызметі де бұған қатысты ешқандай түсінік бермеді. Ал Ерқара Жұмабаев ұлының мәйітіне тағы да сараптама жасатпақшы. 17-ші желтоқсанда беташар тойы белгіленген қаралы отбасы ертең ұлдарын жер қойнына тапсырмақ. 

Еске салайық, 8-желтоқсан күні, Шымкент полициясы Қостанай тұрғынын досымен бірге "көлік ұрлығына" күдікті деп арнайы жасақпен қолға түсірген. Бірнеше сағаттан соң оның өлімі тіркелген. Полиция бұған кенеттен денсаулығы сыр бергенін желеу етті. Бірақ қара жамылған отбасы бұған сенбейді, олар ұлдарын тәртіп сақшылары "ұрып өлтірді" деп отыр.

Талқылау