Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Comirnaty (Pfizer) препаратымен вакциналау ережесі өзгеріс енгізді. Екпе салдыратындардың қатарына Қазақстанда тұратын шетелдік жасөспірімдер де қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осылайша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыратындардың қатары көбейді.

Олар:

  • 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер;
  • жүкті әйелдер – жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында;
  • бала емізетін әйелдер – бала туу кезеңі аяқталғаннан кейін (42 күн өткен соң);
  • 12-18 жастағы шетелдік жасөспірімдер.

"Сондай-ақ, Қазақстан аумағында үш ай және одан көп уақыт үздіксіз оқитын және тұратын шетелдік студенттер де коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға жатады", - делінген қаулыда.

Ал вакциналаудың алдында адамның коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы антиденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.

Егу пункті жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағымын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады. Егу кабинетінде егілетін адамдардың және медициналық бақылаудағы адамдардың жиналуына жол берілмейді. Бір мезгілде вакцинациялауға 3 адамнан асырмай шақыра отырып, егу кабинетінің алдында халықтың көп жиналуын болдырмай жеке вакцинация жүргізу ұйымдастырылады. Жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялар, жедел қызба жағдайлары кезінде, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар кезінде вакцинация жүргізілмейді.

Егер жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алса, онда вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен кейін енгізіледі. Екі егудің арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптадан аспайды. Егер екі дозада абайсызда КВИ-ге қарсы вакциналардың әртүрлі типтері енгізілсе, онда пайдаланылған вакциналардың кез келгеніне қосымша дозаларды енгізу ұсынылмайды.

"Комирнати" вакцинасын (Pfizer, АҚШ) қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинацияны және ревакцинацияны алу туралы деректер КВИ-ге қарсы вакцинаның барлық алынған дозаларын рет-ретімен (егу жүргізілген күн, вакцинаның атауы, сериясы, өндіруші ел, доза) көрсете отырып, "Вакцинация" Модулінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

Талқылау