Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына тек "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

8 қарашадан бастап астаналық сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс күндері де, демалыс күндері де тек Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесі бар азаматтарға ғана кіруге болады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны сауда және ойын-сауық орталықтарында тіркелгенін көрсетті. Сауда орталықтары  адамдардың ұзақ уақыт жүретін орны екенін ескерсек, коронавирус инфекциясының жұғу және таралу қаупі артуда.

"Сонымен қатар көршілес Ресей мен еліміздің солтүстік облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қалада тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 індетінің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын күшейту мәселесі қаралды. Сауда орталығына бару шарттарын өзгерту талаптары қарастырылуда", – делінген хабарламада.



Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, 8 қарашадан бастап сауда орталығына жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерге қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана кіруге болады. Яғни сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижемен вакцинация немесе ПТР сынағы болуы міндеттеледі. Екпеден медициналық бас тартқан немесе соңғы 3 айда коронавирус жұқтырған азаматтар да сауда орталығына келе алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары қазір Ashyq қосымшасында "көк" мәртебесі бар қазақстандықтардың сауда орталықтарына баруына тыйым салу мәселесі талқылаған еді.

Талқылау