Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында оқушыны 17 адамның зорлауы: Қыздың анасы күдіктілерден 8 млн теңге алғанын мойындады

Түркістан облысында 17 адамның жас қызды зорлау әрекеті бойынша өңірдің бас полицейі пікір білдірді. Қайрат Дәлбековтың айтуынша, жәбірленушінің анасы күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын өзі хабарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында 17 ер адамның қызды зорлағаны туралы ақпарат шыққаны белгілі. Осы ауданға жеке өзім барып, қыздың анасымен және өзімен адвокат пен журналистің қатысуымен кездестім. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама орталығының қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ анасы қызының киімін өз қолымен өртегенін мойындады.

Оның айтуынша, осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады.

“Оған қоса күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын да анасы өзі айтып отыр. Сондықтан жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеу күдіктілердің кінәсін тек сараптама нәтижелеріне сүйене отырып анықтауға болатынын түсіндіргім келеді. Яғни бұл істе сараптама аса маңызды, сол арқылы зорлық болған болмағаны анықталады. Қазір бұл іс Түркістан облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының өндірісінде. Сараптама кешені тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп жазды облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеді.

Жәбірленушінің анасы 25 мамырда полицияға 17 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарласқан. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адамды ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Содан кейін полиция қызды бір күн бойы іздеп, ата-анасына қайтарған. Бір аптадан кейін, яғни 31 мамырда әйел тағы да полицияға күдікті адамдарға қатысты ұрлау жайты бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтінішпен жүгінген.

Ал, 10 маусымда ауыл тұрғыны қайтадан полицияға жүгінген. Бұл жолы қызы жоғалған кезде оны 17 ер адам зорлаған болып шыққан. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, бұл хабарлама бірден ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша полицияда тіркелді. Сараптамалар тағайындалған.

Талқылау