Алматы облысының тұрғыны балдызын пышақтап тастады
Алматы облысында 38 жастағы тұрғын әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салды. Жәбірленуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданының Шамалған ауылында түнгі сағат екі шамасында болған.
"17 тамыз күні түнгі сағат 02:15 шамасында 38 жастағы тұрғын отбасылық жанжал кезінде әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салған. 19 жастағы жәбірленуші ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағы, яғни денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталған күні қамауға алынды. Бірақ 18 қыркүйек күні тергеу сотының шешімімен қамау үйқамаққа өзгертілді", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады