AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан университеттеріне 300-ден астам жаңа білім бағдарламасы енгізілді

Қыркүйектен бері қазақстандық жоғары оқу орындарында 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу бағдарламалары бойынша болашақ инженерлер, құрылысшы мен педагогтер, менеджерлер, экономист пен заңгерлерді және басқа да мамандар білім алады. Мысалы, ядролық медицина, smart city технологиялары, математикалық экономика, статистика және деректерді талдау, білім берудегі физика, ғылыми тарих, new media, тау-кен ісіндегі 3D модельдеу инженері, наноматериалдар және нанотехнологиялар бойынша маман даярлайды.

IT-мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында да жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.

"Жаңа оқу жылынан бастап университеттер big data analysis (ауқымды деректерді талдау), жасанды интеллект технологиясы, криптология, IT-құқық, digital engineering, робототехникалық жүйелер, data science, киберфизикалық жүйелер, роботтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары, IT-менеджмент, цифрлық экономика сияқты бағдарламалар бойынша мыңдаған маманды оқытады", - деп хабарлады министрлік.



2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына10 мыңға жуық грант бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар ЖОО-лар студенттерге жұмыс беретін IT-компаниялармен байланыс орнатып жатыр.

"Дуалды оқыту белсенді түрде енгізіліп жатыр, студенттер оқу уақытының 40%-ін кәсіпорындарда өткізеді", - деп нақтылады білім және ғылым министрлігі.

Барлық жаңа білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының тізіліміне енгізілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр