Банктің бұрынғы қызметкері Түркістан тұрғынының атынан миллиондаған кредит рәсімдеп алған
Түркістанда банктің бұрынғы қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Төрт ай бұрын ер адам банкке келген тұрғынның атынан 5 миллион теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне өңір тұрғыны алаяқтық туралы арыз жазған. Оның айтуынша, біреу оның атына ірі сомада несие рәсімдеген.
Полицейлер күдікті ретінде облыс орталығының тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, жас жігіт бұрын банк қызметкері болып жұмыс істеген.
"Осыдан төрт ай бұрын күдікті банкке келушілердің біріне бес миллион теңгеге жуық заңсыз несие рәсімдегені белгілі болды. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны азамат өз қажетіне жұмсаған", – деп хабарлады полициядан.
Оқиға Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Полиция күдіктінің басқа да заңсыз қызметтерді жасауға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды