Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйеліммен шатастырдым": Оралда ер адам туған қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген

Оралда әкесі бірнеше жылдан бері туған қызын зорлап келген. Ол ұсталған кезде қызын әйелімен шатастырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Бірақ тергеу материалдары қыздың бірнеше жыл қатарынан қорқынышты бастан өткергенін көрсетеді. Полиция биыл зорлау салдарынан зардап шеккен балалардың саны үштен бірге артқанын айтады.

Көп балалы отбасынан шыққан бұл қыздың өмірі тозаққа айналған. Екі жылдан бері оны өз шешесі мен өгей әкесі ұрып-соғып, қорлап келген. Жасөспірім қорлыққа шыдамай, үйден кетіп қалған. 

Қыз үйіне оралудан үзілді-кесілді бас тартқан. Қыз өзін балалар үйіне жіберуін сұраған. Қазір тәртіп сақшылары бұл отбасын бақылап отыр. 

“Анам өмір сүргің келмесе, өл деп айтады. Мен өлмек болғанмын. Бірақ өзіме қол сала алмадым”, – дейді зардап шеккен бойжеткен. 

Биыл Оралда кәмелетке толмағандар өтініш бере алатын психологиялық көмек қызметі ашылды. Зардап шеккендермен жұмыс жасайтын психологтар әдетте балалар тіпті ең жақын адамдардың көмегіне жүгіне алмай қиналатындарын айтады. 

“Жыныстық қол сұғылмау саласында 30%-ға өсім байқалады. Жақында біз кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істі тіркедік, онда әкесі ұзақ уақыт бойы өз қызына жыныстық қатынасқа түсіп, ұсталған кезде қызын әйелімен шатастырғанын айтады”, – дейді ювеналды полиция басқармасының бас инспекторы Мадина Құспанова.

Мамандар зорлық-зомбылық құрбандары болашақта психологиялық проблемаларға тап болады дейді.

“Бұл баланы ішкі қайтымсыз психологиялық процестерге жетелейді. Ең нашар жағдайда бұл шизофренияға әкелуі мүмкін. Шыдамайтын жағдайларға немесе түсініспеушіліктерге наразылық білдірген балалар үйден қашады немесе өз-өзіне қол жұмсайды. Егер өткен жылы облыста бір суицид орын алса, биыл 15 жасөспірім суицид жасамақ болған”, – дейді психолог Светлана Кужбанова.

Талқылау