AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөлмесіне дуаланған тұз сеуіп кеткен": Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас арасындағы дауға бокс федерация өкілдері пікір білдірді

Қазақстандық боксшылар Ангелина Лукас пен Назым Қызайбайдың нақты нені бөлісе алмағаны әзірге белгісіз. Бірақ бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков "Ангелина Лукас үш күн бұрын Назым Қызайбайдың жатын бөлмесінің алдына дуаланған тұзды сеуіп" кеткенін айтты. Ал Ангелина Лукас керісінше басшылық еш негізсіз құрамадан шығарып жіберді деп, Елбасы мен Президенттен араша сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қос қыздың арасындағы дау Ангелина Лукастың Қазақстан чемпионатында Назым Қызайбайдан жеңіліп қалғанынан, кейіннен Токио олимпиадасына жолдама ала алмай қалғанынан басталған. Ангелика Лукас үш күн бұрын инстаграм парақшасында "Назым Қызайбай маған күн көрсетпеді, құрамадағы барлық қыздарды уысында ұстайды, менімен сөйлестірмейді, боксшы қыздар темекі шегіп, спиртті ішімдік ішеді, мен Назым Қызайбайдың кесірінен құрамадан шеттетіліп қалдым" деп жазды.

Ал Бокс федерациясындағылар керісінше, Назым Қызайбайдан жеңіліп қалғандықтан Ангелина Лукас неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барды деп отыр. Тіпті жеке бапкерімен Назым Қызайбайдың бөлмесінің алдына дуаланған тұз сеуіп кеткен. Мына кадр соның айғағы дейді.



“Олимпиада алдында лицензиялық тур болды. Соған Қызайбай емес, Ангелина Лукас барған болатын. Сол жерде лицензия алу керек болатын. Өкінішке қарай, лицензияны ала алмай қалды. Осыдан бері дау болып келе жатыр. Мені жүйелі түрде қысады, құрамада күн көрсетпейді деп айтады. Бірақ ол жайында ешқандай видеофакт жоқ”, – Бокс Федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков. 

Бірнеше рет спорттық этиканы сақтамай, басшыларға "Президентке дейін шығамын" деп айтқан. Мұның бәрін білетін Ұлттық құрамадағы 30 қыздың 22-сі Назым Қызайбайға емес, жұмысымызға кедергі келтіріп, жеке бапкерімен мазамызды алды деп, Ангелина Лукасқа қарсы петиция жариялапты.

Бокстан Мемлекеттік жаттықтырушы Бахтияр Артаев Ангелина Лукас рұқсаты болмаса да бірнеше рет жарнамаларға түскенін айтады. 

“Қыздардың шешімі бар. Бапкерлердің шешімі бар. Жалғыз бір бапкер емес, Ұлттық құраманың бас бапкері мен қасындағы көмекші бапкерлердің шешімі бар. Бізге қызметтік хатпен шықты. Барлығының хаты бар, қыздардың хаты бар. Жаңағы видеолар бар. Осының бәрін қорытындылай келе осындай шешімге келдік”, – дейді бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев. 

Ал Ангелина Лукас бапкері үнемі үстінен қыз баланың шашын тауып ала беретінін, қолына жағымсыз иісі бар сұйықтық жабысып қала беретінін, кейіннен өз бөлмесінен бір уыс тұз тауып алғанын айтқан. 

Мұның барлығын Назым Қызайбайдан көрген Лукастың жеке бапкері Рахманбек Арғынбаев тұзды Назымның бөлмесінің алдына сеуіп кеткен. Атышулы видеоны осылай түсіндірген Ангелина Лукас "Назымның арандату әркетіне берілмеңіз" деп, жанында ілесіп жүрдім дейді.

Сондай-ақ боксшы қыз "мені Бақтияр Артаев пен Маратбек Мықтыбеков ұлттық құрамадан шеттете алмайды, босатылғаным туралы ешқандай құжат көрсетпеді" деп отыр.

Ал Назым Қызайбай ешкімге сұхбат бермейтінін жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр