AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызметке тұруға 4 жыл уақытым кетті": Қазақстандық жігіт Нью-Йоркте қалай полицей болды

Қазақстандық Нью-Йорк қалалық полиция депар­та­ментінің офицері Данияр Нұртаза полиция қыз­меткері атану үшін кәсіп­кер­ліктен бас тартқан. Америкаға інісін оқытуға барған ол арманын сол жақта жүзеге асыратынын ойламағанын айтады. Қазіргі таңда Нью-Йорктің үш миллионға жуық адам тұра­тын Бруклин ауданында қызмет атқаратын азамат мет­ро­да толғағы қысқан әйелді босан­ды­рып алуға көмектесіп, БАҚ на­зарына іліккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тurkistan басылымына сілтеме жасап. 

Полицейдің айтуынша, ол Америкада тұруды еш армандамаған. 

“2002 жылы мектеп бі­тірген інім Колумбия университетінде оқы­ғысы келді. Мақтанғаным емес, бірақ інім – өте талантты жан, математикадан олим­пиадаларға қатысып, жүлделі орын­дар иеленген. Отбасымызбен ақылдаса келе, оқимын, талпынамын деген баланы бе­тінен қақпай, керісінше қолдау біл­ді­рейік деп шештік. Оның үстіне, оны бөтен елге жалғыз жібергіміз келмеді. Оған қоса, інімнің оқу ақысын төлеуді өз міндетім деп санадым. Ол кезде мен жиырма жаста болатынмын. Сөйтіп Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқып жатқан оқуымды тастап, осында келіп, жұмыс істедім”, – дейді полицей. 

Данияр бастапқыда бейнетаспа сататын салонда жұмыс істеген. Ал бос уақытында ағылшын тілін үйрететін оқу­лық­тар арқылы тіл үйренген. 

“Сосын автокөлікті тұ­раққа қоюшы болып жұмыс істедім. Кейін­нен даяшылар жақсы жалақы ала­тынын естіп, "Баку" мейрамханасына жұ­мысқа тұрдым. Даяшы болып жұмыс істеп жүріп, жергілікті университетте туризм мамандығы бойынша білім алдым. Диплом алған соң, Delta әуекомпаниясына клиент­терге қызмет көрсету бөлімінде бес жыл бойы еңбек еттім. Мұнда жүріп көп нәр­сені, әсіресе адамдармен қалай тіл табысу керек екенін үйрендім”, – дейді азамат. 



Сондай-ақ Данияр сол екі аралықта Қазақстанға кө­лік әкелумен айналысқанын айтты. Бизнесі өркендесе де, жанына жақын қызметпен айналысуды жөн көріпті. 

“Нью-Йорк қалалық уни­вер­си­те­тін­де маркетолог мамандығында оқи жү­ріп, Қазақстанға көлік әкелумен айна­лыс­тым. Бұл істе Алматыдағы жақын дос­та­рым маған көп көмектесті. Бұл кішігірім биз­нес бірте-бірте ұлғайып, үлкен кәсіпке ай­налды. Сосын бұл іске осында жүрген қа­зақтарды жұмылдырдым. Сондай-ақ ел­дегі азаматтарды да іске тарттым. Бірақ Қа­зақстан Кеден одағына кіргеннен кейін автобизнестен біржола қол үзу керек еке­нін түсіндім. Бұл қанша жерден табысы мол кәсіп болса да, заңды түрде жұмыс іс­теуіме мүмкіндік беретін әрі жаныма жа­қын қызметпен айналысқым келді”, – дейді ол. 

Полицей құқық қорғау о­р­ган­дарын­­да жұмыс істеуді бұрыннан ар­ман­даған көрінеді.

“Әкем мен анамның туыс­тары­ның арасында полиция мен әскери салада қызмет атқарғандар да бар. Бала кезде сол кісілерге қатты еліктейтінмін. Оған қоса, Алматыдағы көрші тұрған полицияның та­панша қабын тексеріп, формасын киіп жат­­қанына қызыға қарап, "Мен де осы кісі се­­кілді полицей болсам ғой!" деп ар­ман­дап, қиялға берілетінмін. Есейген соң бұл істі шындап қолға алу кеш емес екенін өзі­ме үнемі айтып жүрсем де, әркез кейінге қал­дыратынмын”, – дейді Данияр.

Ол кәсіпкерліктен қол үзген соң сол арманды мақсатқа айнал­дыратын кез келгенін түсініп, поли­ция академиясында оқуға түсуге бел бу­ады. 

"Академияға оқуға түсу" деп айта салу оңай, негізінен сол академияға қабылдану үшін өте күрделі байқаудан өтуің қажет. Онда бір орынға 15 адам таласады. Ал­ды­мен есте сақтау, байқампаздық қабілетін тек­серетін тестілеуден өтіп, соңында пси­хо­логиялық тест тапсырдым. Емтиханнан жо­ғары балл алған соң, физикалық емти­хан­нан өттім. Біраз салмақтан сол кезде арылдым (күліп). Негізі, үміткерлердің ба­сым көпшілігі психологиялық және фи­зи­калық тестілеуден өте алмай қиналып, ақырында оқудан шығып тынды. Негізі, біз, қазақтар жан аямай күресе білген жауын­гер, жылқы мінездес халықпыз ғой. Сол мінез, сол дала өмірінің дағдысы қиын тап­сырмаларды орындап, қауіпті сынақ­тардан өтіп, түрлі қиындықтарды еңсеруге септігін тигізеді. Сол себепті полиция қыз­меткерлері қатарына қосылу үшін барым­ды салып, тырысып бақтым. Жалпы айт­қан­да, полиция департаментіне жұмысқа тұру үшін 4 жыл уақытым кетті”, – дейді Данияр Нұртаза. 

Құқық қорғау саласы қызметкерінің Бруклин ауданындағы метрода аяғы ауыр әйелді босандырып алуға кө­мектескені туралы америкалық жә­не қазақстандық БАҚ жарыса жаз­ған болатын. Бірақ Данияр көпшіліктен мұны ерлік деп санамауын өтініп, бар болғаны аза­маттық парыз деп түсінуі қажет еке­н­ін айтты. 

“Мен мұны көпшілік айтып жүргендей ерлік деп есептемеймін. Мұндай жағдайда кез келген адам менің орнымда болса, дәл осындай қадамға барар еді. Жал­пы бұл – өте сирек кездесетін жайт. Сол кез­де метростансасындағы патрульдеу бе­ке­тінде тұрғанмын. Диспетчер рациядан стансада аяғы ауыр әйелдің толғағы кел­генін айтып, барып көмектесуімді сұрады. Метро аймағы үлкен болғандықтан, оны іздеу біраз уақыт алды. Іздеп жүргенде же­дел жәрдем қызметкерлерінің Нью-Йорк­тегі ұзын-сонар кептеліс салдарынан мет­роға тез арада келе алмайтынын түсін­дім. Бізге академияда баланы босандырып алу үшін не істеу керек екенін үйреткен бо­латын. Метродан көшеге шыққанша сол нұсқаулықтарды еске түсіруге тырыстым. Көшеге шықсам, көмекке шақырылған фе­льдшер жігіт те әлгі әйелді таппай жүр екен. Бір мезетте айқайлап, көмек сұраған әйелдің дауысын естідік. Әлгі әйел емханаға бара жатса керек, бірақ толғағы қысқан соң, пойыздан түсіп қалып, сол маң­да орналасқан құрылғыдағы Help ба­тыр­масын басқан. Көмек келгенше шы­да­май, далаға қарай көтеріліп, такси ұстамақ бо­лыпты. Сөйтіп фельдшер екеуіміз бала­ны аман-есен босандырып алуға көмек­тескеніміз бар”, – дейді полицей. 

Сондай-ақ ол Нью-Йорк поли­ция­сында Димаш Ниязовпен жұмыс барысында кездесіп тұратынын жеткізді. Одан бөлек, Данияр оның шар­шы алаңда өткізген барлық кездесуіне ба­рып, жанкүйер болатынын айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр