Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында үш өрт сөндіруші жоғалып кетті

Жамбыл облысында туыстары өрт сөндіруге кетіп, сол күйі оралмаған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздестіруде. Бұған қоса, әлеуметтік желіде тағы жоғалып кеткен екі өрт сөндірушінің суреті таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жоғалып кетті

Бауыржан Дәуітбаевтың қарындасының сөзінше, ер азамат бір күннен бері байланысқа шықпай жатыр. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалған. Ең кішісінің жасы бесте көрінеді. 

“Кеше біз оның үйіне қонаққа келгенбіз, сөйтсек ол өрт сөндіруге кетіп қалыпты. Сол кеткелі оралмады. Телефоны сөндірулі. Әйелінің айтуынша, ағамды кешкі сағат 6-7 шамасында шақыртып алған”, – дейді жоғалып кеткен құтқарушының қарындасы Айкен Жайылғанова.

Әлеуметтік желіде тағы екі өрт сөндіруші – Әліби Кеңес мен Әділет Әділбековтың суреттері таралды. Желідегі жазбаға сәйкес, олар да тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылыдырлыған. Алайда өрт сөндірушілерден сол күйі хабар жоқ. 

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты. 

Талқылау