Анасының құрсағынан "жүкті" болып шыққан нәресте дәрігерлерді таңдай қақтырды
Израильдік әйел ерекше сәби дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестенің іш қуысында тағы бір ұрық дамығаны белгілі болды. Мұндай патология өте сирек, жарты миллион адамның бірінде ғана кездеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ультрадыбыстық зерттеу жүргізуге жаңа туған нәрестенің ішінің ұлғаюы себеп болған. Тексеруден кейін бала шұғыл операцияға жіберіліп, ұрық алынды.
Патологияның ықтимал себептерінің бірі – егіздердің бірі екіншісінің денесіне еніп, әрі қарай дамиды.
Сәбидің анасы аман-есен, ота сәтті жасалған, екеуі де ауруханадан шығарылды.
Осыған ұқсас оқиға 2019 жылы Алматыда болды. Ол кезде дәрігерлер ұрықтың бір бөлігі денесінде қалған қызды құтқарды. Дәрігерлер егіз паразит туралы қыз жеті жасқа келгенде бір-ақ білді.
Баланың туғаннан омыртқасында кінәрат болған. Дәрігерлер бел тұсында ісік бар деген диагноз қояды. Оны алып тастау туралы шешім қабылданды. Отаны Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургтері жасады.
Талқылау