Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігінде шенеуніктерді соққыға жыққан әйелдер жазаланбайтын болды

Денсаулық сақтау министрлігінде төбелес шығарған бір топ әйелдер жазаға тартылмайды. Полиция бұл факт бойынша іс қозғауға ниетті емес. Зардап шеккен шенеуніктерден өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға 19 шілде болған. Бір топ әйел министрлік ғимаратына келіп, вакцинаны тоқтатуды талап еткен. Тұрғындармен кездесуге денсаулық сақтау вице-министрлері Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі Ержан Байтанаев келген. Алайда әйелдер олардың сөзін тыңдамай, шенеуніктерге жұдырық ала жөнелген. Кейін бас мемлекеттік дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев әлеуметтік желілерде пост жариялап, болған оқиғаның егжей-тегжейімен бөлісті.

"Бүгінгі болған оқиға мені қатты састырды. Мен көп балалы аналардың бұл қылығын көріп, не айтарымды білмей қалдым. Олардың арасында мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандары бар, алайда әйелдердің министрліктің мүгедек қызметкеріне көрсеткен озбырлығы адам нанғысыз. Олар ғимаратқа баса көктеп кіріп, өзін қорғай алмайтын қызметкерді тарпа бас салды. Күш көрсетіп, балағаттай бастады. Бейшара қыздың, керісінше, оларға көмектіскісі келетінін ешкім де тыңдамады", – дейді Байтанаев. 

Ол бұл жағдайды мысалға келтіре отырып, халықты сабырлыққа шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы вакцина алғысы келмейтін адамдар бірдей емес және олармен жұмыс істеуде әртүрлі тәсілді қолдану қажет екенін айтқан болатын. 

Талқылау